Жамбыл облысында нысандардың құрылысы мен жолдардың жөнделуіне 14,1 млрд. теңге бөлінеді (ФОТО)
«2015 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 28,4 млрд. теңге бөлінген, кассалық шығындар 28,3 млрд. теңгені, қаржылық қаражатты жылдық игеру 99,73 пайызды құраған. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткен жылы сумен жабдықтаудың сегіз нысанының құрылысына 1,85 млрд. теңге бөлініп, 1,84 млрд. теңге игерілген, бұл 99,5 пайызды құрап отыр. Бұл ретте 5 нысан пайдалануға енгізілді, қалғандары 2016 жылы енгізілмек», - деп баяндады Р.Байтелиев.
Спикер Жамбыл облысының туристік кластерді дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті. Аймақ арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді. 2015 жылы Таразда заманауи стандарттарға жауап беретін «Әулие Ата» әуежайының құрылысы аяқталған. Аймақ солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстікті байланыстыратын буын болып табылады. «Өкінішке қарай, туризм әзірге әлсіз дамып жатыр. Оған осы сала бойынша тәжірибенің болмауы себеп болып отыр. Бірақ, көп ұзамай жіберіп алғанымызға қол жеткіземіз деп ойлаймын, оның үстіне, көлемді жұмыстар басталып та кетті. Мысалы, Төле би көшесінде облыста теңдесі жоқ қонақүй кешені салынып жатыр. Шамамен биылғы жылдың үшінші тоқсанында нысан аяқталуы тиіс», - деді ол.
2016 жылы облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 14,1 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде құрылыс саласына 9,4 млрд. теңге, жолдардың құрылысы мен жөнделуіне - 4,2 млрд. теңге, аймақтың 28 ауылында жерасты суларының қорын зерттеу бойынша іздеу-барлау жұмыстарына және үш кен орнын соңына дейін барлауға 0,5 млрд. теңге бөлінген.
Биылғы жылы сумен жабдықтаудың үш нысанын енгізіп, 51 шақырым жолды күрделі жөндеу жоспарланып отыр, 250 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілмек. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында төрт ауылда медициналық пунктер пайда болады, Меркі және Қаратау елді мекендерінде емханалар ашылады. Құрылысы 2015 жылы басталған бес білім нысанының салынуы жалғастырылады. Бұл Қордай және Сарысу ауданындағы екі балабақша, Байзақ ауданындағы мектеп, Тараздағы балабақша мен мектеп, деп хабарлады Р.Байтелиев.