Жамбыл облысында облыстық маңызы бар күре жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) Жамбыл облысында облыстық маңызы бар «Б.Момышұлы-Қошқарата» автожолында (10-65 шақырым аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланды.

Айта кетейік, 31 қаңтар күні Жамбыл өңірінде 15-20 м/с екпінмен оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 25 м/с-қа, ал оңтүстік-батыста 30 м/с-қа жетуі ықтимал. Кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады.