Жамбыл облысында ондаған үйлер мен шипажайларды су басты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аумағында Аса өзенінің суы жағалауды шайып кетті, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде жер асты суларының көтерілуі байқалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 сәуір күні Жамбыл ауданында «Майский» саяжайлық алқабына жақын жерде Аса өзеніндегі су деңгейі арнасынан асып, Центральная көшесіндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі төніп тұр. Күні бойы жергілікті атқарушы органдарының күштері өзеннің жағалауын нығайту жұмыстарымен айналысты, оған 17 адам мен 7 техника тартылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

«Тараздың жеке секторында жер асты суларының көтерілуі байқалуда. Осыған байланысты 25 аула мен 9 тұрғын үй су астында қалды. «Тараз су» МҚК апаттық бригадасы кәріздік коллекторларды жер асты суларынан тазартып, су өткізу құдықтарынан суларды айдауда», - деп түсіндірді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында бірқатар үйлерді, сондай-ақ туберкулезге қарсы шипажайдың аумағын жер асты сулары басып қалды. Құтқарушылар арнайы техникалардың көмегімен суды айдап жатыр.