Ведомоствоның ақпаратына қарағанда, өрт 21 сәуірде 05.45-те болған. «От уақытша салынған құрылыс орнынан шыққан. Жалын тілі 25 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт орнынан 1968 жылы туылған ер адамның өртеніп кеткен денесі табылды»,-делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 06.20-да тілсіз жаудың бетін қайтарды, 06.40-та толықтай сөндірілді.
Алдын ала болжамға қарағанда, сөндірілмеген темекі тұқылы өрттің тұтануына себеп болған.