Жамбыл облысында «Полиция және мектеп» атты кең ауқымды іс-шара болып өтті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім деңгейін арттыру мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Полиция және мектеп» атты кең ауқымды іс-шара болып өтті,

деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Акция аясында екі мыңға тарта дәрістер оқылып, әңгімелер өткізілді, тақырыптық және спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылды.

Жамбыл телеарнасында құқық қорғаушы органдардың қоғам өміріндегі рөлі, халықтың оларға сенім білдіруі, жастар мен жасөспірім арасындағы қылмыс, БАҚ-тың бала сезіміне әсері талқыланған пікірталас ұйымдастырылды.