«Жалпы, облыс бойынша рақымшылық бойынша 20 сотталушы босатылады, деп айтты ҚазАқпаратқа облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының басшысы Секер Бүркітбаев. - 300 сотталушының жазасын өтеу мерзімі ширек есе қысқарды».
Рақымшылыққа - жеңіл қылмысы үшін отырғандар (3 адам) және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін жазаланғандар (17 адам) ілікті, деп атап өтті С.Бүркітбаев. Ол жазаланушылар арасындағы жамбылдық шенеуніктердің рақымшылыққа ілікпегендіктерін айтты.