Жамбыл облысында шекарашылар салмағы 1 центнерлік контрабандалық жүкті қолға түсірді
17:09, 27 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында "Сыпатай батыр" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары елімізге заңсыз жолмен халық тұтынатын тауарларды өткізуге әрекеттенген бірнеше қазақстандық және қырғызстандық азаматтарды ұстады.
351 дана тәркіленген заттардың жалпы салмағы - шамамен бір центнерге жетеді.
Ұстау бойынша материалдар жергілікті кеден қызметіне берілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі .