Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді
22:41, 13 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылып, пайдалануға берілді. 2016 жылы Тараз қаласында 300 төсектік көп бейінді қалалық аурухананың және Меркі ауданы мен Қаратау қаласындағы аудандық емханаларның ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысы Е.Масалимов Өңірлік коммуникация қызметі баспасөз орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
Брифинг барысында облыстағы мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламалары аясында жоспарланған жұмыстар, 2015 жылы атқарған жұмыстар туралы айтылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін өмір ұзақтығы облыс бойынша 71,16 жасты құрады (2014 жылы - 71,16).