«Сонымен қатар, облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты өркендетуге бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамытуға арналған бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда осы бағдарлама шеңберінде өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтерді. Мысалы, 2012 - 2015 жылдары облыста 9 спорт кешені қолданысқа берілді (Тараз қаласы-5, Сарысу-1, Талас-1, Мойынқұм-1, Жуалы-1). Сонымен қатар, облыстық бюджет және демеушілер тарапынан 31 спорт алаңшасы салынды (Тараз қаласында 14, аудандарда 17)»,- деді Г.Қайнарбеков.
Бір ғана, 2015 жылы Мойынқұм, Жуалы аудандарында спорт зал кешендері, Тараз қаласында №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы пайдалануға берілді,
Сондай-ақ, соңғы жылдары ірі өндіріс орындарындағы қызметкерлер мен жұмысшы-жастардың спортпен айналысулары басты назарға алынды. Нәтижесінде «Казфосфат» ЖШС тарапынан спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл спорт кешенінде бүгінгі таңда 600 жұмысшы және 150-ге жуық жасөспірімдер спортпен тұрақты шұғылдануда.