Жамбыл облысында спорттық резервтер тиянақты дайындалуда

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл өңірінде спорттың жекелеген түрлері бойынша республиканың құрама командаларына спорттық резервтер мен мүшелер дайындау жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
ҚазАқпарат бұл туралы облыстық әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық спорт және туризм басқармасының бастығы Андрей Савченконың айтуынша, облыстық бюджет қаражаты есебінен өңірдің 16 жетекші спортшысына облыс әкімінің стипендиясын беру үшін алғаш рет 2007 жылдың екінші жартыжылдығына 3 миллион теңге, 2008 жылы - 7,2 миллион теңге бөлінген. «Облыста 360 спорт залы жұмыс істейді, олардың 235-і - ауылдық жерлерде орналасқан, оған қоса 802 спорттық алаңдар мен 20 стадион тағы бар. Олимпиадалық резервті дайындау орталығын дамыту үшін 2008 жылы облыс бюджетінен 43 миллиондай теңге бөлінген, ол жерде спорттың алты түрі бойынша 48 спортшы айналысады», дейді А.Савченко. 2008 жылы жамбылдық тоғыз спортшыға Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері атағы, 39 спортшыға ? Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы, 280 спортшыға - Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағы берілді. 2007 жылмен салыстырғанда, облыста спорт шеберлерінің саны 19 адамға, спорт шеберлігіне кандидаттардың саны -59 адамға артты. 2008 жылы облыста 14 160 спортшыны қамтыған 84 облыстық спорттық шара, 4 748 қатысушыны қамтыған 29 республикалық жарыс, 2 040 спортшы қатысқан 14 халықаралық турнир өткізілді. Жамбыл өңірінің спортшылары былтыр Азияның 13 чемпионатына, Қазақстан Республикасының 85 чемпионатына, 22 біріншілігіне, 8 Кубогына қатысты. 2008 жылы сондай-ақ А.Таңатаров - еркін күрестен, М.Ғарипов пен Е.Райымбеков - грек-рим күресінен Қазақстан чемпиондары атанды. Жамбылдық тағы екі спортшы ? боксшы Бақтияр Артаев пен жеңіл атлет Тахир Мамашаев - Бейжің Олимпиадасына қатысты, тағы 12 спортшы ? алты әлем чемпионатына қатысты», дейді облыстық спорт басқармасының бастығы.