ТЖ ескерту бөлімінің жетекшісі подполковник О. Тәкеевтің хабарлауынша, облыстағы сегіз су жүйесіндегі жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың барлық басшыларына Қазгидромет қызметі өңірде су тасқыны болуы ықтималдығы жөнінде хабарлама жасаған жағдайда күштер мен құралдарды әзірлеу қажеттігі, Төтенше жағдайдың болдырмаудың алдын алу жөнінде ескерту жасалды.
Бүгінгі күні облыста барлық су жүйелері мен көлдерде судың толығу ы70-75 пайызды құрайды, - деп жағдайды түсіндірді О.Тәкеев. - Облыс аумағындағы Теріс және Тасөткел сияқты ірі су көздерінің толтырылуы жобалық көлемнің 60-70 пайызына жетті, қалғандарында - 50 пайыз. Күн сайын су көздері, гидротехникалық құрылыстар бақыланып отыр».
Жамбыл облысы аумағында күннің күрт жылынуына байланысты ақпан айында-ақ өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев тиісті ведомстволардың басшыларына қауіпсіздікті сақтаудың қажетті шараларын алуды және плотниалардың, бөгеттердің және су қоймаларының техникалық жай-күйін тексеру қажеттігін еске салған болатын.
«Бүгінгі таңда облыс аумағында жағдай қалыпты», - деп сендірді төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Жамбыл облысының аумағында 117 су нысандары, бар, олардың 5-уі республика қарамағында, 7-уі - жеке қолда және 105-і коммуналдық меншікте. 2011 жылдан бері коммуналдық меншіктегі 42 су нысаны жөндеуден өтті, биыл 11 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.