Жамбыл облысында су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды

None
ТАРАЗ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Қазгидромет» РММ-ның 15-16 сәуір күндері Жамбыл облысында жаңбыр жауып, күннің жылынуына орай қар суының еритіндігі туралы хабарлағанына қарамастан, қазіргі таңда су тасқынының қауіпі жоқ,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұловтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткендей, Төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласы мен облыс аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы хат жіберген.

«Қажетті шаралар дер кезінде қолға алынып, апатты-құтқару қызметінің құралдары мен күші дайындалды, сондықтан өңір бойынша жағдай тыныш, бұрын осы уақытта су тасқындары болып тұратын», - деп атап өтті ол.