Жамбыл облысының 80 пайызы Қырғызстанның су ресурстарына тәуелді екені белгілі. Осыған қарай трансшекаралық өзендердегі суды бөлу мәселесі де аймақта өзекті. Бұл мәселе егіс алқаптарын белсенді суару қажет болған уақыттарда ерекше өзектілене түседі.
Осыған байланысты өңірде қазір су үнемдеу технологиялары белсенді пайдаланылуда. Тәуелсіздік жылдарында аймақта су үнемдеуші технологиялар қолданылатын ауыл шаруашылығы бағытындағы алқаптардың көлемі арта түсті. Бұл өз кезегінде аймақта суға деген зәрулікті шешуге ықпал етіп отыр.
Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, биылғы жылы облыста тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі 15 мың гектар аймаққа пайдаланылуда.
«Олардың тек 1,5 мың гектары ғана қант қызылшасына тиесілі»,-деді ол.
2013 жылы Жамбыл өңірінде су үнемдеуші технологиялар пайдаланылатын егіс аймағы 4,3 га болатын, 2014 жылы бұл көрсеткіш 4,9 га-ды құрады. Ал 2015 жылы ол 9,3 мыңға артып, 87,6 процентке жетті. 2016 жылы тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі 11,9 мың га аймақта қолданылуда.