Жамбыл облысында «Тараз» ӘКҚ жаңа басшысы тағайындалды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Директорлар кеңесінің шешімімен Шарбиев Нұркен Қожамұратұлы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды, делінген ресми тағайындау мәтінінде.

42 жастағы Нұркен Шарбиевтің екі жоғары білімі бар, 1998 жылы С. Сейфуллин атындағы Алматы аграрлық университетін, 2012 жылы - Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

1998-2000 жылдары «Шарбиев Қ. Ш.» шаруа қожалығында бас экономист болып жұмыс істеген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментін басқарды, Еуразия экономикалық комиссиясының Агроөндірістік саясат департаменті директорының орынбасары болған.

2013 - 2017 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры, «Мерей СШБ» ЖШС атқарушы директоры болған.

2017 жылдан бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.