«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, адамдарды Бурное стансасынан облыс орталықтары Тараз және Шымкент қалаларына жедел жеткізуді ұйымдастырды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы өңірлік бөлімшелерге жолаушыларды жеткізу туралы тапсырма берді. Сонымен, 9 жолаушылар пойызымен жолға шығам деп тілек білдірген адамдар жеткізілді.
11:46, 24 Желтоқсан 2016
Жамбыл облысында тас жолда қалып қойған 80 автобустың жолаушылары пойызбен жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына және Бурный-Түлкібас тас жолының жабылуына байланысты 23 желтоқсан күні жолаушылары бар 80 автобус Бурное елді мекенінде қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.