Әкімнің айтуына қарағанда, Бектөбе ауылындағы «Оңтүстік Халал тағамдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинаты наурыз айының соңында іске қосылады.
Жобаның құны 2,3 млрд теңге, өндіріс қуаты - тәулігіне 40 тонна өнім шығарады. Жоба толық іске қосылған соң жаңа 153 жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы толық аяқталмаған, онда 85 құрылысшы еңбе етіп жүр.
Нысанға 2,1 млрд теңге инвестиция салынған.