Жамбыл облысында темір жолда тұтанған өрт бір жарым сағатта ауыздықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  «Қазфосфат» ЖШС объектілік темір жолында өрт болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сарысу ауданында «Қазфосфат» ЖШС объктілік темір жолында Шошқабұлақ стансасында өрт шықты», - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен. - 2ТЭ10М №3161 тепловозының «А» секциясы өртке оранған».

Пойыз құрамында кен тиелген 15 вагон болған, ол Шошқабұлақ стансасы (карер) - Орталық (комбинат) қатынасы бойынша жолға шыққан.

Жалынды ауыздықтауға бір жарым сағат кетті. Оған ТЖД «ӨжАҚЖҚ» ММ тобы жұмылдырылды.