Жол-көлік апаттарына жасалған талдау көрсеткендей, өңірде тіркелген жол апаттарының 21 пайызы жылдамдықты асыру себептерінен болды (41 апат, 14 адам көз жұмды, 51-і жарақаттанды), жол апаттарының 19 пайызына көліктің жолдың қарсы бағытына шығып кетуі себеп болды.
Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және де облыстық ІІД ІІБ басшылығының бақылауында, деп хабарланды ведомстводан.