«Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3430 дана «Трамадол», 90 дана «Самнол», 138 дана «Тропикамид» тәркіленді. Барлығы 3430 таблетка, 514 гр 5 млгр синтетикалық заттар алынды», - деп жазды ведомстводан.
Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады.
Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.