Жамбыл облысында үш су қоймасы салынады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Егістікке арналған су көздері тапшылығын Жамбыл өңірі қолда бар су қоймаларын жаңғыртып, жаңарту арқылы шешпек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, жыл сайын өңірдегі 10-12 пайыз жер су тапшылығынан игерілмей қалады екен. Оған себеп Қырғыздағы Талас пен Шу өзендерінен келетін судың тұрақты еместігі. Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларының тартылып қалуы және  каналдар ақауы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймаққа үш жаңа су қоймасын салуға және тағы үш қойманы жөндеп, 280-нен астам су ұңғымасын қалпына келтіруге, 700 шақырым коллекторлық-дренаждық желіні жөндеуге 6 млрд теңге бөлінген.

Осыған сәйкес облыста салынатын шағын үш су қоймасы жамбылдық шаруаларға вегетациондық маусымда үздіксіз су беріп тұра алады.