Жол-көлік апаттары салдарынан 8 адам қаза тауып, 109 адам түрлі жарақат алды. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 бала зардап шекті.
«Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша 3 338 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тәртіп сақшылары азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын бұзбауды ескертеді.