Крмиминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Қуанышбековтің ақпараты бойынша, жедел-алдын алу шараларының барысында Жамбыл облысы ІІД бөлімшелері қызметкерлері 3 күннің ішінде заңсыз айналымнан алты мыңнан астам контрафактілік аудио-бейне өнімдерін тәркілеген.
«Мерке ауылындағы орталық базардағы сауда нүктесінен порнографиялық мазмұндағы 32 DVD/CD фильмдері тәркіленді. Сондай-ақ Интернеттегі әлеуметтік желілерді «WhatsApp» смартфондары үшін мессенджерлерді пайдалану арқылы порнографиялық материалдар таратылғаны анықталған», деп түсіндірді Н.Қуанышбеков. Сонымен бірге полиция подполковнигі жоғары технологиялар саласындағы бұрын жасалған үш қылмыс ашылғанын атап өтті. Ақпараттық-коммуникациялық желлер жұмысын бұғаттайтын арнайы құралдар тартып алынды. Сондай-ақ ойын-сауық орындарында, дәмхана-мейрамханаларда авторлық және аралас құқықтарды бұзу фактілері анықталған.
«Контрафакт» операциясы контрафактілік өнімдердің, порнографияық материалдардың заңсыз айналымын, экстремизмді, лаңкестікті, зорлық-зомбылықты насихаттайтын арнайы техникалық құралдарды анықтауға және және жолын кесуге, сондай-ақ компьютерлік құқық бұзушылыққа қарсы тұруға бағытталған, деп атап өтті Жамбыл облысы ІІД.