«12 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде үсік жүріп, топырақтың үстіңгі қабаты қатқалақ болуы мүмкін. Ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. 12 қыркүйекте тәулік бойы жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Кей жерлерге тұман түседі», - делінген хабарламада.
16:31, 11 Қыркүйек 2018
Жамбыл облысында жел күшейіп, үсік жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.