Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 қаңтарда Рысқұлов ауданында, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының 436 шақырымында «Volkswagen Passat» көлігінің 48 жастағы жүргізушісі бір қора қойын жолдан өткізіп бара жатқан 47 жастағы малшыны қағып кетті.
Сол кезде осы бағытпен келе жатқан 33 жастағы жүргізуші бақсарып келе жатқан «КамАЗ-5410» жүк көлігі «Volkswagen Passat» көлігінің артына кіріп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан №1 Тараз қалалық ауруханасына жүргізуші мен малшы түрлі жарақатпен жеткізілді. 30 қой мен малшының жылқысы көлік астына түсті», - деп түсіндірді ведомстводан.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша сәйкес шешім қабылданады, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.