Жамбыл облысында жол апатынан екі полиция қызметкері мен 1 шетелдік қайтыс болды

Фото: None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жол апатынан екі полиция қызметкері мен 1 шетелдік қайтыс болды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 13-ші шілдесінде сағат 17.35-теЖамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тасжолының 380-ші шақырымында «SsanYong» маркалы қызметтік автокөлігініңаударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынанМойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен ӨзбекстанРеспубликасының бір азаматы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы көші-қонзаңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде болған»,-делінген хабарламада.


Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар