Жамбыл облысында жолда қайтыс болғандар саны өсіп, полиция ерекше тәсіл қолдануға көшті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Статистика бойынша Жамбыл облысының жолдарында қаза тапқандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Департаменттің Facebook желісі арқылы таратқан деректерінеқарағанда, қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі республикалық тас жолдарда,соның ішінде халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінде болады.

«Тақтайдай тегіс жолдың көлік үшін өте ыңғайлы екенібелгілі. Алайда әдемі жолмен жүйткіген жүргізушілер қауіпсіздік мәселесін естеншығарып алады. Ал оның арты қайғылы жағдайларға душар етеді. Сондай-ақ тегісжол жүргізушіні маужыратып, жолда қалғып кету ықтималдылығын арттырады. Оның дасоңы немен аяқталатыны белгілі»,-депжазады желіде департаменттің баспасөз қызметі.

Осы орайда Жамбыл облыстық Полиция департаментініңбасшысы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің бастамасымен республикада алғашрет «Шоковая терапия» атты акция ұйымдастырылуда. 20 тамыздан бастап «БатысЕуропа-Батыс Қытай» тас жолында апатқа ұшыраған көлікті тиеген қызметтікэвакуатор жүр. Оны көрген жүргізушілер кез келген жүргізушінің дәл осындай жағдайға тап болуы мүмкінекендігін ойлап, жылдамдықты азайтады деген үміт бар.

«Эвакуатор алғашқы күні бетон төселген жолменШымкентке қарай жүрді. Келесі күні Т.Рысқұлов ауданына қарай жол тартты.Халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің жүргізушілеріне арналғанакция әлі де жалғасуда»,-деп хабарлайды департамент өкілдері.

Соңғы жаңалықтар