«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Жамбыл облысындағы бөлімшесінің басшысы Дәурен Тоқтаровтың айтуынша, Жамбыл ауданы бойынша Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассаларына ақылы жүру жүйесі енгізіледі.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Алматыға баратын жолдағы Тараз-Қайнар автожолында төлем қабылдауды қамтамасыз ететін кешен құрылысы басталды.
Жеңіл автокөліктер үшін жол жүру ақысы километріне 1 теңгені құраса, жүк машиналары мен автобустар үшін - километріне 15 теңге болады деп күтілуде. Демек, Тараздан Қордайға жету үшін жеңіл көлік жүргізушісі мөлшермен 350 теңге, ал ауыр көлік жүргізушілері - 5 250 теңге төлейді.