Жамбыл облысында жыл басынан 77 көлік отқа оранған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылдың басынан бері 77 автокөлік өртке оранған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағындаавтокөліктегі өрт оқиғалары артып келе жатқанын хабарлаған Төтенше жағдайлардепартаментінің мамандары оның шығу себептері әртүрлі екенін айтады.

«Ағымдағы жылғы 26 шілдедеБайзақ ауданы Сарыкемер ауылы Медеулов көшесінің бойында «КамАз» жүк көлігіөртенді. Сол күні Жуалы ауданы «Алматы-Ташкент» республикалық маңызы баравтокөлік жолының 581-шақырымында «Mercedes» маркалы жүк тасымалдайтын көлікотқа оранды. Ал келесі күні Меркі ауданы Меркі ауылы Т.Бокин көшесінің бойында1990 жылы шыққан «Mercedes-benz Е230» автокөлігінен от тұтанды», - дейді облысбойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бас маманы, азаматтық қорғауподполковнигі Бауыржан Сейдалиев.

Сондай-ақ, Б.Сейдалиевөрттердің шығу себептері көліктерді пайдалану уақыттарымен тікелей байланыстыболып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, көбіне ескі, пайдалану уақыты онжылдан асқан машиналардан жиі от шығады.

«Автокөлік иелері капотастына жиірек қарағандары дұрыс. Тұтанудың негізгі себептері, тамған майдан немесе тосолдан болуы мүмкін. Аққанмай тамшысы, ыстық қозғалтқыш жүйелеріне тиіп, бензин буының лап ете қалуы әбден мүмкін. Май тамшысыныңәсерінен де орын алған оқиғалар аз емес»,- деген ол, тұрғындар менжүргізушелерді абай болуға, барынша көліктерін қадағалап тұруға шақырады.

Соңғы жаңалықтар