Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев айтты.
«Бүгінгі күнге дейін жануар иелерінен түскен өтініштерге сәйкес, оларға электронды паспорт ашылып, ақпараттық жүйемен есепке алу және тұрғындар иелігіндегі 276 ит-мысыққа кастрация, стерилизация, вакцинация сынды профилактикалық шаралар жүргізілді», – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленгенін жазған болатынбыз.
Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген.
Кейін шаруа қожалықтарын ескертпестен олардың атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген.
Тексеру нәтижесінде фермерлерде таңқурай егіс алқаптары жоқ болып шықты. Аталған тұлғалар мемлекеттен 800 миллион теңгеден астам сомаға субсидия алған.
Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді.