Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 400 килограммнан астам есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрсетілген мерзімде 162 есірткі қылмысын анықтағаны айтылған.
«Анықталған қылмыстардың ішінде есірткіні өткізудің 40 дерегі, оны аса ірі көлемде сақтаудың 19 дерегі, есірткі құралдарын насихаттаудың 3 дерегі немесе оны заңсыз жарнамалау, есірткі құралдары контрабандасының екі дерегі және есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау деректері бар. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 400 мың килограммнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 17 килограммнан астам гашиш, бір килограммнан астам героин және бір килограммға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.