Жамбыл облысында жыл басынан бері дінмен байланысты 34 құқықбұзушылық анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері діни саладағы 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Соның ішінде 16 дерек іргелес мемлекет азаматтарыныңҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті заңсыз кіргізуімен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпаратЖамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың полиция департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметіменбірлесіп ҚР аумағына қазақстандық сот тыйым салған діни мазмұндағы әдебиеттікіргізу деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар өткізеді.

Экстремистік сипаттағы барлығы 27 кітап алынды, ҚРӘҚБтК 453 бабы (ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті кіргізу)бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы, Ресейдің бір және Өзбекстанныңбір азаматы әкімшілікке жауапқа тартылды. 800 мың теңгеден астам айыппұлсалынды.

Мысалы, экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасыныңқызметкерлері еліміздің аумағына кірмек болған Қырғызстанның 52 жастағыазаматшасы ұсталды. Одан экстремистік мазмұндағы әдебиет табылды. Аталмыш дерекбойынша экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 453бабына сәйкес хаттама толтырды, ал Меркі ауданының соты көршілес елдіңазаматшасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар