Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, мына ауылдарда өтетін әкімдер сайлауына келесі кандидаттар тіркелген:
Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі бойынша:
- Қаламбек Әмірбеков - 1971 жылы туған, Байзақ ауданы әкімі аппаратының инспекторы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді;
- Фархад Балажанов - 1990 жылы туған, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді;
- Асхат Саршаев - 1987 жылы туған, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Тимур Тұрсынбеков - 1993 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі бойынша:
- Исабек Камалов - 1993 жылы туған, Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Еркебұлан Қамбарбеков - 1990 жылы туған, Жуалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды;
- Мақсат Шөкенов - 1989 жылы туған, Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі бойынша:
- Есенхан Құрмашев - 1971 жылы туған, Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Нұрсұлтан Рақымбек - 1994 жылы туған, Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе қызметі бөлімшесінің басшысы. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды;
- Олжас Сламбай - 1991 жылы туған, «Мерсейт» шаруа қожалығының жетекшісі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округі бойынша:
- Расул Беделбаев - 1988 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Бауыржан Жәнетұлы - 1993 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Алмас Иенберген - 1994 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшісінің басшысы. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды.
Мойынқұм ауданы Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтері бойынша:
- Ербол Бақбергенов (Жамбыл ауылына) - 1986 жылы туған, Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Ернұр Надиргужин (Жамбыл ауылына) - 1986 жылы туған, Мойынқұм аудандық ветеринариялық станциясының директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Оксана Қалыбаева - 1973 жылы туған, уақытша жұмыссыз. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды.
- Арайлым Жаманқұлова (Мойынқұм ауылына) - 1991 жылы туған, Мойынқұм ауданы Назарбеков ауылдық кітапхансының меңгерушісі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Жәнібек Айдарқұлов (Мойынқұм ауылына) - 1980 жылы туған, Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округінің әкімі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Рүстем Тұрарқұл (Мойынқұм ауылына) - 1994 жылы туған, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды;
- Жасұлан Бектаев (Хантау ауылына) - 1983 жылы туған, Жамбыл обаға қарсы станциясының зертханашысы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Талғат Алпанов (Хантау ауылына) - 1987 жылы туған, Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Әнуар Сейтқазиев (Хантау ауылына) - 1973 жылы туған, Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округінің әкімі. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды.
Шу ауданы Көкқайнар және Бірлікүстем ауылдық округтері бойынша:
- Тұрар Башырхан (Көкқайнар ауылына) - 1990 жылы туған, Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Қуатбек Жамболов (Көкқайнар ауылына) - 1969 жылы туған, Көкқайнар ауылдық округінің әкімі. «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды;
- Қайрат Қамбарұлы (Көкқайнар ауылына) - 1982 жылы туған, Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Қуат Ақбаев (Көкқайнар ауылына) - 1988 жылы туған, Шу жастар орталығының директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Асқар Бименбетов (Бірлікүстем ауылына) - 1967 жылы туған, «First Servise Company KZ» ЖШС инженер-энергетик. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Нұрым Қаюпов (Бірлікүстем ауылына) - 1978 жылы туған, Бірлікүстем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген;
- Асланбек Қуанышов (Бірлікүстем ауылына) - 1977 жылы туған, Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.