Жамбыл облысындағы «Ақыртас» ЖШС-ның мұнай сақтау орынында ірі өрт болды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, түстен кейін Жамбыл облысындағы «Ақыртас» ЖШС-ның мұнай сақтау орынында ірі өрт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, сейсенбі күні Қаратау қаласында орналасқан «Ақыртас» ЖШС-ның мұнай сақтау аумағында мұнай өнімдерін теміржол бойында тұрған цистерналардан сақтау шұңқырларына құю кезінде өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша өртттің шығу себебі - электр сорғыдағы қысқа тұйықталу.

Жалын мұнай сақтайтын шұңқырдың 350, ал цистерналардың (5) 240 шаршы метрін шарпыды. От ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 3 техникасының күшімен жеті жарым сағаттан кейін ауыздықталды.

ТЖМ-нан нақтылағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.