Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында әскери бөлімде болған өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне мәліметтеріне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің 11-і әскери қызметшілер.

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынан жарылыс болды.