Жамбыл облысындағы аудандардың бірі қар құрсауында қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ТЖД Жуалы ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жуалы ауданында күрделі метеорологиялық жағдайлар (жел, қар) салдарынан облыстық маңызы бар Б. Момышұлы - Қошқарата тас жолдарын қалың қар басып қалды, - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі. -  ТЖД бөлімшелері медициналық көмекке мұқтаж тұрғындарды эвакуациялау үшін Б.Момышұлы елді мекеніндегі орталық аудандық ауруханаға апаратын екі жол жасады. Дүйсебай ауылынан арнайы техникамен 33 жастағы әйел кісі, ал Қошқарата ауылынан 41 және 30 жастағы екі адам ауруханаға жеткізілді».