«2017 жылдың 17 ақпанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Көксай» шатқалындағы Алатау ауылында орын алған қар көшкініне байланысты Жамбыл облыстық ТЖД халыққа психологиялық және ақпараттық қолдау таныту мақсатында тәулік бойы қызмет көрсететін 8 (7262) 51-41-67 «қауырт желі» телефонын іске қосты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Көксай шатқалында орын алған қар көшкініне қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасаған еді. Онда: «Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні орын алды», - делінген.
Сәл кейінірек, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қар көшкіні астынан 10 адам құтқарылып, 7 адамның мүрдесі табылғанын мәлімдеген болатын.
Кейінірек құтқарылғандардың саны артты. «Құтқарылғандардың саны 10-нан 16 адамға жетті », - деді Руслан Иманқұлов.