Жамбыл облысындағы қарасора өсетін аумақты ғарыштан анықтайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы прокуратурасы атышулы Шу алқабындағы құрамында есірткі бар қарасораның өсу аймағын қалай дәл анықтауға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасораның өсу аймағын нақтылау керек деп есептейді Жамбыл облыстық прокуратурасы. Қазіргі күні ҚР ІІМ 1989 жылғы топографиялық зерттеу деректерін пайдаланады. Ол кезде жабайы қарасора 138 мың гектер жерде өсетіні анықталған. Дегенмен ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласы мамандарының пікірінше, бұл деректер ескірген және оны жаңарту керек. Себебі қазір қарасораның өсу аймағы айтарлықтай азайған.

Жамбыл облысындағы өсу аймағы жыл сайын қысқарып келеді. Оның азаюына билік өкілдерінің күш салуы емес, климат жағдайының өзгеруі – Жамбыл өңірінде жауын-шашынның азаюы себеп болды. Ылғалсүйгіш қарасораның тамыры жеті метрге дейін жететін ұзын болғандықтан шауып тастап, химикаттармен улағаннан кейін де өсіп, көбейе береді. Бірақ қуаңшылыққа шыдамайды.

Орта Азия климатының өзгеруіне баға берген Дүниежүзілік банк есебі бойынша, 1975 – 1992 жылдар аралығындағы Шу алқабындағы қуаңшылық 1960-1974 жылдар аралығымен салыстырғанда 7%-дан 18%-ға артқан.

Мамандар бұл үрдіс өсе беретінін айтады. Қуаңшылыққа ұшыраған жерлер саны жыл сайын көбейіп жатыр.

Болжам бойынша, қазір қарасора өсетін аумақ кемінде 30 мың гектарға қысқарған және жыл сайын қысқара береді.

Жамбыл облыстық прокуратурасы бірінші орынбасары Қанат Мамаевтың сөзінше, «Есірткі қылмысына қарсы тұру!» жобасын жүзеге асыру аясында жабайы өсетін қарасора көлемін анықтау үшін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне хат жолданды. Онда Жамбыл облысындағы қарасора аумағы туралы ақпарат сұралған.

Аэроғарыш комитеті культивиралық қарасора туралы деректер бар екенін айтып, деректерді осы саладағы «narko.gharysh.kz» геожүйесі арқылы ҚР ІІМ-не жіберді.

Жоба аясындағы жұмыстар үшін қажет деректі Аэроғарыш комитетінен алу қиын әрі қазіргі күнгі деректер жоқ болғандықтан, Жамбыл облыстық прокуратурасы өз ұсынысын айтты, деді спикер.

Жамбыл облысының қадағалау мекемесі қарасора туралы мәлімет алу үшін ІІМ-мен келісіп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен өңірлік прокуратураларға «narko.gharysh.kz» геожүйесіне қолжетіміділік алу керек. Сонымен қатар, ІІМ-не анықтау тәсілін жасап, жабайы қарасораны ғарыштан бақылау туралы комитетке жолдау қажет. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың әдістемелік ұсыныстары негізінде құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтау процестерін автоматтандыру арқылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижелері туралы 2022 жылғы мәліметтерді талап ету.

Жамбыл облыстық прокуратурасы бұл деректер жабайы қарасораны вегетативті жетілгенге дейін жою жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және жоспарлау үшін қажет екенін атап өтті.