Жамбыл облысындағы кедендік қызметті жаңарту әлеуметтік проблемаларды шешуді талап етеді
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев кеше Гродеков ауылдық округына Қырғызстанмен шекараласатын бақылау-өткізу пунктінде болған кезінде осындай пікірге келді. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Қырғызстанмен шекараласатын бақылау-өткізу пунктінде кедендік қызметті жаңарту жүргізілуде. Ол бақылау-өткізу пунктіндегі жолаушылар және жүк тасымалының ағынын бөлуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты биылғы жылы штатты кеңейту көзделіп отыр - бүгінгі күні «Айша бибі» пунктінде нормадағы 100 адамның орнына кедендік қызметтің небәрі 19 адамы ғана жұмыс істейді.
Толықтыру шекараның өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ бірқатар әлеуметтік проблемалар туындағалы отыр. Бақылау-өткізу пунктіндегі тұрғын үй және энергетикалық тапшылықты шешуге тура келеді.