Жамбыл облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысында температураның күрт төмендеуіне байланысты жергілікті билік мектептерде сабақ тоқтатылатын аудандар санын көбейтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ертең, 29 қаңтарда Тараз, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарындағы  мектептердің оқушылары үшін бірінші сыныптан 11 сыныпқа дейін сабақ тоқтатылады»,- деді (ҚазАқпарат»  ХАА тілшісіне облыстық білім беру басқармасының басшысы Рахия Турмаханбетова.  - Басқа  қалған барлық аудандарда  тек бастауыш сынып оқушыларына ғана сабақ тоқтатылады. Жағдайды бақылауда ұстаудамыз».

 «Казгидромет» РМК филиалының хабарлауынша, Таразда және Жамбыл облысында аяз 26-30 қаңтар аралығында күшейе түседі.