Жамбыл облысындағы онкологиялық диспансердің дәрігерлері морфиннің 195 ампуласын сатып жіберген

None
ТАРАЗ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысыныдағы онкологиялық диспансердің дәрігерлері морфиннің 195 ампуласын сатып жіберген, деп хабарлады емдеу мекемесінің қызметін тексеруден соң облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

«2011 жылдың 23 қарашасынан 2012 жылғы 24 ақпанға дейін онкологиялық диспансер дәрігерлері осында 2009 жылдан бері диспансерлік есепте тұрған  науқас Ш. азаматшасына қараусыз және сәйкестендірілген көрсетулерсіз құрамында есірткі бар «морфин» дәрілік затының дәріқағазы заңсыз тағайындалып, жазылды», - делінеді прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте 195 ампуланы Ш. азаматшаның қандай да бір келісімінсіз басқа тұлға - А. азаматша алды. 24 ақпан күні морфиннің бір ампуласын басқа тұлғаларға екі мың теңгеден сатып тұрған оны ІІД қызметкерлері ұстады.

Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа, 30 наурыз күні облыстық прокуратура денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық диспансер дәрігерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 266 бабының 5 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі ішкі істер департаменті тергеп, прокуратура бақылауда, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.