Жамбыл облысындағы ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері айрықша режимде ұсталатын жасөспірімдерге арналған мектепте болды
15:59, 12 Қаңтар 2010
ТАРАЗ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері айрықша режимде ұсталатын жасөспірімдерге арналған мектепте болды.
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Надежда Нестерованың хабарлауынша, олар балаларды Жаңа жылмен құттықтаған, зор денсаулық, оқуда табыстар тілеген.
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың атынан жасөспірімдерге сыйлықтар тапсырылды.