Бұл туралы ҚазАқпарат байзақ ауданының әкімдігінің Facebook желісіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.
Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамды құрап отыр. Олардың басым көпшілігі жеңіл жарақат алғандар, тек 2 адамның ғана жағдайы ауыр.
Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.