Жамбыл облысының әкімдігінде жаңа тағайындаулар
Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы «10» қарашадағы №436-ө өкімімен Нарбаев Болабек Жанбекұлы Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды.
Нарбаев Болабек Жанбекұлы 1963 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы «Тас-Өткел» дирекцияcы кәсіпорнының инженері болып бастаған.
1991-1995 жылдары «Жәнібек және К» фирмасының директоры, 1995-2005 жылдары «Сұйытылған газ» АҚ-ның шебері, директоры, «Мұнай Сауда Ойл» ЖШС-нің мұнай базасының бастығы, 2005-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» және «Жүйке аурулар интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директоры.
2012-2016 жылдары Тараз қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
***
Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы «10» қарашадағы №435-ө өкімімен Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы 1971 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «зооинженер» және 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1997 жылы Т.Рысқұлов ауданында «Ақбұлақ» АҚ-да зоотехник-селекционер болып бастаған.
1999-2004 жылдары Т.Рысқұлов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2005 жылдары Т.Рысқұлов аудандық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау комитетінің төрағасы, аудан әкімінің бас инспекторы, 2005-2006 жылдары аудан әкімі аппаратының жетекшісі, 2006-2011 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы болды.
Сондай-ақ 2011-2012 жылдары аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2012-2015 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдың мамыры мен шілдесі аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015-2016 жылдары Сарысу ауданының әкімі болды.