Жамбыл облысының әкімі 16 баланы тәрбиелеп өсірген С. Ержанованы Әйелдер мерекесімен құттықтады

None
ТАРАЗ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Тараз қаласының тұрғыны Сапура Ержанованы Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 65 жастағы Сапура Иватқызы 16 баланы тәрбиелеп өсірді. «Ол алты баланың анасы болып табылады, 1989 жылы Ержанованың отбасына «Отбасы үлгісіндегі балалар үйі» мәртебесі берілді, 1999 жылы ол тағы төрт баланы бауырына басты. Қазіргі кезде ол алты баланы тәрбиелеуде, қалғандары жоғары білім алған және өз отбасыларын құрған. Сапура Ержанова барлық балаларын ұлттық құндылықтар, Отанға деген махаббат рухында тәрбиелеп өсірді», - деп жазды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы Қанат Бозымбаев Сапура Иватқызына өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі салмақты үлесі үшін алғысын білдіріп, оған мықты денсаулық, бақыт және үлкен отбасына береке тіледі.