Жамбыл облысының әкімі аймақтың шалғайдағы аудандарында жұмыс сапарымен болды

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев шалғайдағы  Мойынқұм, Шу және Қордай аудандарында жұмыс сапарымен болды,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы ірі өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру нысандары құрылыстарының барысына және жұмысына зор ынта қойды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен әлеуметтік сала нысандарына айрықша көңіл бөлді.

Мойынқұм ауданының Ақбақай кентінде Ақбақай кен-металлургия комбинаты алтын өндірушілерінің басшылығымен кездесті. Жаңа суағарларды, жолдарды жөндеуді, қосымша жоғары вольтті желілердің құрылыстарын қоса алғанда бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылады.

Осы аудандағы бірнеше жеке шаруа қожалықтарында болған Қ.Бозымбаев облыстағы ауыл шаруашылығының жағдайымен танысты, аграрлық құрылымдардың қаржылық мүмкіндіктеріне және даму жоспарларына ықылас танытты. Облыс әкімі жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мүдделі мекемелердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.