Жамбыл облысының әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев БАҚ өкілдерімен кездесті.

Өңірдің әлеуметтік - экономикалық өмірін және мәдени дамуын белсенді жариялаған республикалық және облыстық БАҚ пен журналистері арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

«Қымбатты достар, біз жыл бойы бір-бірімізбен талай кездесіп, аймақтағы жақсы істерді халыққа жеткізуде бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бүгінде Жамбыл облысында 52 бұқаралық ақпарат құралдары табысты қызмет атқаруда. Журналистер әрқашан барлық қоғамдардың құрметті және беделді мүшелері арасында. Жергілікті БАҚ өкілдері де облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік және индустриалдық-инновациялық дамуына зор үлес қосып келеді. Сондықтан, барлық журналистерге алғысым шексіз!», - деді Кәрім Көкірекбаев.
Ол қазіргі ақпарат тарату өкілінің қандай болу керектігін айтып өтті. «Облыс журналистері үнемі шығармашылық ізденісте болып, оқырмандарға мазмұны терең, тақырыбы тың материалдар ұсынғандары абзал. Еңбек заман құндылығына айналып отырған кезеңде Сіздерден еңбек адамдары жайлы аса құнды материалдарды қоғам күтіп отыр. Өйткені, біз қажырлы еңбекті насихаттай отырып, еліміз қол жеткізген барлық жетістіктерді насихаттауды қамтамасыз етеміз», - деді өңір басшысы.
Кездесу барысында облыс әкімі байқау жеңімпаздарына диплом мен сыйақыларын тапсырды.
Сонымен қатар БАҚ өкілдерін келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.