Атап айтқанда, Меркі ауданындағы Жаңатоған ауылында жеке үйлердің бірінің аумағындағы шөп қора өртеніп, 800 десте пішен күл болып кетті. Өртке электр жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.
Ал Қордай ауданындағы Бетқайнар ауылында шөп қора өртеніп, 2 мың десте пішен жанып кетті. Оқиғаның себебі анықталуда.
Ал балалардың ойыны Жуалы ауданының Қарасаз ауылындағы шөп қораның өртенуіне себеп болды. Бұл оқиғаның салдарынан мал қора және 350 десте пішен өртеніп кетті. Өртке 6 жасар бала кінәлі болған.