Жамбыл облысының басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.