Жамбыл облысының екі тұрғыны 22 кілемді ұрлағаны үшін ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктік полицейлер 22 кілемді ұрлаған Жамбыл облысының қос тұрғынын ұстады.

ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі бойынша жүргізген сот алдындағы тергеу амалдары кезінде Луговая стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қылмыстық полицейлері тамыз айының басында Ақыртөбе стансасында жүк пойызынан 22 кілемді ұрлап әкеткен Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді. Айғақ дәлелдер алынды. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр.