Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген меморандумның мерзімі жылдың соңына дейін сақталады.
Қабылданған құжатқа сәйкес, Қордай ауданының фармацевтері жылдың соңына дейін аудан тұрғындарын дәрі-дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз ету, бағаның өсуіне жол бермеу туралы міндеттеме алды.
Бағаларды сақталатын дәрі-дәрмектердің тізіміне 100-ден астам препарат кіріп отыр.
«Бұл меморандум - қоғамға тасталып отырған өзіндік «үндеу», мемлекет өз азаматтарын қажетті нәрселермен қамтамасыз ете отырып, оларға қамқорлық жасауы керек», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ермек Үйсімбаев.